Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары
Бастауыш партия ұйымдары есеп берді
«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде.
Партия жиналыстардың күн тәртібінде 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер; БПҰ төрағасы және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда); аудандық партия филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралуда.
Күн тәртібіне сай 2019-2020 жылдарда атқарған есебтері тыңдалып, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бюро мүшелері және аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Пандемияға байланысты ірі бастауыш партия ұйымдарының жиналыстаны, сонымен қатар аудандық партия филиалының конференциясы онлайн форматта өтеді.
