Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымдарының онлайн кездесулері өтті.

#NutOtan #NurOtanAkmola #NurOtanEreimentau

Ерейментау ауданы "Nur Otan" партия мүшелерінің этикалық кодексін сақтау бойынша бастауыш партия ұйымдарының онлайн кездесулері өтті.

Партияның әрбір мүшесі өзінің күнделікті жұмысымен қоғамдағы әлеуметтік және саяси тұрақтылықты, ұлттық бірлік пен келісімді нығайта отырып, экономикалық тұрғыдан қуатты, демократиялық мемлекет құруға ұмтылуы керек.

Партияның әрбір мүшесі «Nur Otan» партиясына қосыла отырып, өзінің іс-әрекеті мен сөзі үшін қоғам мен әріптестер алдындағы жауапкершілігін сезінуі өте маңызды.

Этикалық кодекс 5 негізгі бағыт бойынша 19 тәртіп ережелерін қамтиды: партия көшбасшысы - Н.А. Назарбаевтың бағытын ұстану; ұлттық заңнаманы сақтау және құрметтеу; мемлекеттілік пен қазақстандық патриотизмді дамыту; партиялық құрылыс және партиялық тәртіп; мінез-құлықтың жалпы қабылданған моральдық-этикалық стандарттары.

Кездесу барысында партия мүшесінің Жарғысы мен Әдеп кодексін, жалпы партиялық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

0
0
102

Осы тақырып бойынша

Бастауыш партия ұйымдарының онлайн кездесулері өтті. - Yvision.kz