Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары жалғасуда
Бүгін, Долин, Төңкеріс, Ұзынкөл атты бастауыш партия ұйымдарында офлайн, ал Шаған БПҰ-да онлайн форматта есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бастауыш партия ұйымдарының 2019 - 2020 жылдары атқарған есептері тыңдалып, БПҰ төрағасы және бюро мүшелері қайта сайланып, аудандық филиалдың конференциясына делегаттар сайланды.
