Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш Партия ұйымдарында «Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» талқыланды.

Қазығұрт аудандық партия филиалына қарасты, Бастауыш Партия ұйымдарында «Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» талқыланды.

Жалпы «этика» сөзі мен ұғымы ежелден, өте ерте заманнан бері қалыптасқан ұғым. «Этика» сөзінің өзі көне грек сөзінен туындаған. Және ол сөз ешқандай аудармасыз көптеген елдердің ұлттық тілдерінде дәл осы этика түрінде қолданыла береді. Яғни адамзат қоғамының ортақ құндылығына әлдеқашан айналған. Адамның мінез-құлқы, өмірде қоғаммен үйлесімділігі, қарым-қатынасы, қоғам құбылыстарымен үндестігі, дүниетанымы, көзқарасы. Адамның адамгершілік қарым-қатынасын, қасиеттерін зерттейтін білім деген ұғым мыңдаған жылдар бойына қалыптасып келеді.

«Партиялық этика» мәселесі де партия мүшелері жалпы қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болғандықтан ең алдымен біздің қоғамның азаматтық келбетін көрсететін аса маңызды шарттың бетке ұстары деп қарастырғанымыз жөн. Әрбір партия мүшесінің жауапкершілігі, міндеті, өзінің конституциялық парызы десек біз қателеспейміз.

Біз бұл жерде қазір қоғамда кеңінен талқыланып және біздің өмірімізде, тұрмысымызда қалыптасып келе жатқан, сұранысқа ие болып тұрған әнгімеге назар қоятын болсақ – ол Елбасының былтыр жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көтерілген көптеген рухани мәселелер. Біздің қандай да жетістіктеріміз, сондай-ақ кемитін жағдайларымыз тікелей адамның рухани санасына байланыстылығы айтылады. Міне, этика, әдеп туралы партия мүшесінің этикалық тәлім-тәрбиесі мен тәртібі туралы әңгіме көтерілгенде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи мақаласына жүгінсек, көп сұраққа толық жауап алып қоймай, санаға сәуле түсірер қуат көреріміз де анық ...

«Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» деген құжатқа келсек. Бұл құжат та кезінде жайдан жай шыққан жоқ. Ол ең алдымен біздің Ата заңымыз - Конституциямыздың нормаларына сүйеніп шыққан.

Заңды орындап, заңмен өмір сүруге бейімделу, оны күнделікті тұрмыс ауанына айналдыру. Жай сөзбен айтқанда – ешкім ешкімге қиянат жасамаса, тіршілікте тазалық сақталса, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық болмаса, адамдар өтірік айтудан құтылса, тек жүрген адамдарға көпе-көрнеу жала жабушылық тиылса – сол сияқты рухани құндылықтар сақталып тұрақталса. Міне этикалық кодекстің мақсаты да, ұмтылысы да, көксегені де осы. Біз «Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» не болмаса «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы айтатын болсақ, екеуінің де өзара үйлесімділігі бар. Екеуі де бір-бірімен астасып жатыр. Бұлардың барлығы біздің заңдық негізімізден туындаған жоғарыда айтылған талаптар мен мақсаттардың жиынтығы. Сондай-ақ рухани адалдық, тазалықпен өмір сүру – қоғамымыздың әдеттегі қалыпты жағдайы болуы керек...

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Бастауыш Партия ұйымдарында «Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» талқыланды. - Yvision.kz