Бастауыш партия ұйымдарында есеп-беру жиналыстары өтті.
Бүгін партияның Мұғалжар аудандық филалының барлық бастауыш партия ұйымдарында есеп-беру жиналыстары өтті. Күн тәртібінде мынадай сұрақтар қаралды: 1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер; 2. Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда); 3. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.





