Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымдарында есеп беру - сайлау жиналыстары

19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының бекітілген кестесіне сай "Алғабас", "Бұлдырты" бастауыш партия ұйымдарында онлайн және офлайн форматта есеп беру-сайлау жиналыстары өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші, БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер. Екінші, төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда). Үшінші, партияның Сырым аудандық филиалының XXX есеп беру - сайлау конференциясына делегаттарды сайлау.

Күн тәртібіне сай 2019-2020 жылдарда атқарған есебтері тыңдалып, бастауыш партия ұйымдарына төрағалары мен бюро мүшелері мен аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Бастауыш партия ұйымдарында есеп беру - сайлау жиналыстары - Yvision.kz