Бастауыш партия ұйымдары конференцияға делегат ұсынды
Бүгін "Nur Otan" партиясы Меркі аудандық филиалының 17 бастауыш партия ұйымында бекітілген кестеге сәйкес онлайн режимде және пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі форматта жиналыстар өтті. Өткізілген жиналыстардың күн тәртібінде "Nur Otan" партиясы Меркі аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясына делегаттар ұсыну мәселесі қаралды.




