Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Жәнібек ауылындағы "Батыс" бастауыш партия ұйымының төрайымы ретінде 24 қарашада Ақоба ауылдық округінің әкімі Н.Жакин, Х.Халиуллин ат.мектебінің директоры Е.Ильясов, ауылдың белсенді азаматы М.Бисенгалиев, мектеп мұғалімі А.Сугуровалардың қатысуымен ZOOM платформасында кездесу ұйымдастырдым. Кездесу барысында 2021 жылдың басында аудан әкімі А.Сафималиевтің есептілік кездесуінде көтерілген көкейтесті мәселенің шешу амалдары туралы әңгіме қозғадым. Дәлірек айтатын болсақ, ақобалықтар мектепке күрделі жөндеуді өткізуін сұраған еді. Биылғы жылы президенттің тапсырмасымен елімізде 2025 жылға дейін 1000 жаңа мектеп салынбақ. Осы тапсырманың негізінде аталған жылдарға ауданымыздың бірнеше ауылдарында жаңа мектептер құрылысы жоспарлануда. Соның ішінде бірінші кезекте Х.Халиуллин атындағы мектебіне жаңа ғимарат салу облыстық жоспарға ұсынылып енгізілді.

#осыжердежәнедәлқазыр

#здесьисейчас

#бастауышпартиянегізі

#первичкаосновапартии

https://www.facebook.com/zhanibek.nurotan/posts/906838353538193

0
0
120

Осы тақырып бойынша