Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бастау бизнес" және "Бизнес кеңесші" бағдарламалары түсіндірілді.

"Бастау бизнес" бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлік» атты екінші бағыты ауыл-аймақта кәсіпкерлікпен айналысуды ынталандырудың нақты құралы және халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесіндегі құрауыш ретінде жүзеге асырылады.

Бизнес кеңесші міндеттері жеке бизнес ашу және оны тиімді жүргізу жөнінде қолданбалы сипаттағы қол жетімді және бірегей экспресс-курстар әзірлеу;

Республиканың барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халық үшін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін өз бизнесін ашу және оны тиімді жүргізу бойынша жүйелі негізде оқыту- тренингтерін өткізетін кәсіби лекторлар-тренерлер тобын құру;

Халықтың басым көпшілігіне және оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ұлттық даму институттарының қызметтерін әлеуетті пайдаланушыларына мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің барлық құралдары бойынша белсенді ақпараттық қолдау көрсету;

Қызметі кешенді сипат алатын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау орталықтарын әрі қарай құру үшін Республиканың барлық облыстарындағы аудандарда кәсіпкерлік бастамашылығы бар халықтың және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін анықтау негізінде қажетті ақпарат қалыптастыру.

0
0
237

Осы тақырып бойынша

"Бастау бизнес" және "Бизнес кеңесші" бағдарламалары түсіндірілді. - Yvision.kz