Бас Прокурордың АҚШ-тың Елшісімен кездесуі туралы
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті.
Сұхбат барысында кең ауқымды екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа, киберқылмыстылыққа, терроризм және экстремизмге, есірткі сату, қылмыстық жолмен келген қаражаттың ізін жасыру мәселелері талқыланды.
http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-aksh-tyn-elshisimen-kezdesui-turaly
