Бас прокуратураның веб-сайты үздіктер арасында екінші орын алды
Бас прокуратураның ресми веб-сайты мемлекеттік органдардың 2015 жылғы үздік интернет-ресурстары арасында екінші орынды иеленді.
«Қазконтент» акционерлік қоғамы өткізетін жыл сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша ресми интернет-ресурстардың мазмұндық сипаты, дамуы және алға басуы сияқты негізгі көрсеткіштері бағаланды.
