Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып өтті, онда 2013 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы мақұлдаған Құқық қорғау органдарының кадрлық саясат тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың аралық қорытындысы және құқық қорғау қызметіне кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдемелері талқыланды.
