Басқарма басшысы азаматтарды қабылдады
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Х.С.Мырзақасымов азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар мүгедектік тағайындау, тегін дәрі-дәрмек алу, бала күтімі бойынша декреттік демалыстан кейін жұмысқа орналасу және басқа мәселелерді көтерді. Бірқатар мәселелер қабылдау кезінде оң шешімін тауып, кейбір мәселелерге заң аясында түсініктемелер берілді.
