Баршатас ауылдық округінде білім саласы қызметкерлерімен кездесу
«Nur Otan» партиясы атынан Аягөз аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидат Бекзат Мазтаев Аягөз ауданына қарасты Баршатас ауылдық округінде білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын атап өтті.

