Баршамыз бірдейміз - кемсітуді білмейміз
Бүгін мүмкіндікгі шектеулі азаматтардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
