Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Баршаңызды «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Қымбатты әріптестер!

Баршаңызды «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – кезекті тарихи меже ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. Біздің партиямыз – «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс. Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін! #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Баршаңызды «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! - Yvision.kz