Баршаңызды Nur Otanға дауыс беруге шақырамын
Өткен 2020 жылдың наурыз айынан бастап, үлкен сынақтардан өтіп келеміз. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертіп, басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді.
Біздің ортақ мақсатымыз - әр тұрғынның өмір сүру деңгейінің артуы.
Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының Нұр Отан партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайындағы сөзінде осы бағытта негізгі төрт басымдықты нақтылап берді.
Бірінші - Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру.
Екінші - саламатты зияткер ұлт қалыптастыру.
Үшінші - экономика мен өңірлердің орнықты дамуы.
Төртінші - есеп беретін, “халық үніне құлақ асатын” мемлекет және жауапты азаматтардың болуы.
Біздің партиямыз осы басымдықтармен жұмыс жасауды мақсат етіп отыр. Осыған орай алдағы уақытта депутаттарға да талап жоғары болмақ. Мен өзім маслихатқа үміткер ретінде кәсіпкерлікті, өзіміздің ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысуды мақсат етудемін. Өйткені шағын және орта бизнесті дамыту- біздің экономикамызды өркендетудің негізі.
Баршаңызды Nur Otanға дауыс беруге шақырамын
#нуротанға дауыс бер !
#бізбіргеміз!
