Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Құрметті қала тұрғындары! Қымбатты достар!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа жыл – жыл бойы аңсап күтетін, үлкендер балаша қуанатын, ал балалар таңғажайып оқиға күтетін – мереке. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді саралап, болашаққа жаңа жоспарлар, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.
Тарих қойнауына енгелі отырған 2020 жыл күллі әлем үшін ауыр жыл болды. Дүниежүзіне таралған пандемия талай мемлекеттің еңсесін түсіріп, экономикасын құлдыратты. Десе де, біз бұл қиындықтарды ел болып еңсеріп келеміз. Мемлекет тарапынан да халықтың жағдайын жақсарту бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. "Nur Otan" - еліміздің басты саяси күші мен атқарушы партиясы ретінде де халыққа қолын ұшын созды.
Қымбатты жерлестер!
Келер жылдан күтеріміз көп, жоспарымыз айқын. Жаңа жылдың басты оқиғасы ҚР Парламент Мәжілісі мен маслихаттардың сайлауы өтеді. Бұл сайлау елдегі саяси жүйенің жаңаруын қамтамасыз ететін саяси институттарды демократияландыруға және жаңғыртуға ықпалын тигізетін маңызды саяси шара. Осы ретте баршаңызды азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, белсенділік танытуға шақырамын.
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жаңа жылда әр отбасына амандық, бақ-береке, табыс тілеймін!
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен, "Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалының бірінші орынбасары
Муратбек Дощанов
