ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігі нығайды.Татулық пен келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімі басты бағытымызға айналды.

Қазақстандықтардың қазіргі буыны,жастарымыз тарихымызды біліп, есте сақтауы үшін нәтижелі шаралар қолға алынуда .Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге ,ортақ Отанымызға,өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

Елімізге татулық пен тыныштық ,әр отбасына бақ береке тілеймін! Дана халқымызда”ынтымағы жарасқан елге бақ тұрар”деген бар.Ел мерейі үстем болсын!