Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Барно" дүкеніне келушілермен кездесті

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Мейрамбек Күнпейсов, Бақыт Стамкулов, Роза Аяпбергенова, Арман Шалданбаев, Арай Сауранбекова, Ақерке Әбдіқадыр Шорнақ ауылындағы "Барно" дүкеніне келушілермен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Төтенше жағдай кезінде қала аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

"Барно" дүкеніне келушілермен кездесті - Yvision.kz