Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Барлық партиялық бастамалардың орындалуы қатаң бақылауға алыну қажет

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа басшылары мен құрамы бекітілді.

Мәселен, партиялық бақылау комиссиясы 11 адамнан тұрады, олардың қатарында Алматы қалалық мәслихатының депутаттары арасынан беделді және танымал нұротандықтар мен қоғам қайраткерлері бар. Олар: саясаттанушы Марат Шибутов, журналист Лев Тараков және тағы басқалар. Ал комиссияны басқару құқығы депутат Әміржан Нәбиевке @nabiyev.amirzhan сеніп тапсырылды.

Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Өмірбаева @zauresh.umirbaeva сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті басқарады, оның құрамында 13 алматылық нұротандықтар бар. Олардың ішінде: цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Алматы қалалық филиалының басшысы Қанат Өскенов және басқалар бар.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев @meirzhan_otynshiyev өз сөзінде барлық партиялық бастамалардың орындалуына және Алматы аумағында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына нақты бақылау жасау керектігін атап өтті.

«Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына байыпты талдау қажет. Жол картасының жекелеген бағыттары бойынша орындалмауы және кешігу тәуекелдерін мерзімінен бұрын анықтау, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен ұсыныстарын тыңдау, кемшіліктердің туындау себептерін анықтау және лауазымды тұлғалардың партиялық жауапкершілігін күшейту қажет», - деді Мейіржан Отыншиев @meirzhan_otynshiyev

@nur_otan_almaty

#NurOtan #Almaty

0
0
201

Осы тақырып бойынша

Барлық партиялық бастамалардың орындалуы қатаң бақылауға алыну қажет - Yvision.kz