Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Балауса" шағын ауданы тұрғындарымен онлайн-кездесу

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұршинов Зашаған кентіне қарасты "Балауса" шағын ауданы тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.

"ZOOM" платформасы арқылы өткен жиынға кент әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин және аталған шағын аудан тұрғындары қатысты.

Жыл санап көркейіп, халық саны 70 мыңға жуықтаған Зашаған елді мекенінде әлеуметтік нысандар да көптеп бой көтеруде. Кент әкімдігі өкілінің мәліметінше, биыл Зашағанда 21 шақырымды құрайтын 20 көше жөнделген. Ал "Балаусада" қоғамдық көліктер жүретін жолдар жөнделіп, автобус аялдамалары орнатылған. Жиын барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары мен кент әкімінің орынбасары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Сегодня первый заместитель председателя Уральского городского отделения партии Nur Otan Кенесары Нуршинов провел онлайн-встречу с жителями микрорайона «Балауса» поселка Зачаганск.

Заместитель акима поселка Асылжан Хайруллин и жители микрорайона приняли участие во встрече, которая прошла при помощи платформы «ZOOM».

В Зачаганске, с населением около 70 тысяч человек, строятся много социальных объектов. По словам представителя поселкового акимата, в этом году у них отремонтировано 20 улиц общей протяженностью 21 км. В микрорайоне Балаусе отремонтированы дороги общественного транспорта и установлены автобусные остановки. В ходе встречи первый заместитель председателя городского филиала и заместитель акима поселка ответили на вопросы жителей.

0
0
284

Осы тақырып бойынша

"Балауса" шағын ауданы тұрғындарымен онлайн-кездесу - Yvision.kz