Баласымын, ей тағдыр, мен адамның «Аудио өлең, поэзия»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Султонали Рахматов «Эра»
Бейнематериал авторы - Токтобубу Черекчиева
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Ағашпын ба, тамырынан құраған?
Соққан желде, жапырағынан айырылған.
Қаңбақпа едім, ыстық желмен адасқан?
Жұмбақ өмір, тек жауапсыз, сен қалған.
Баласымын, ей тағдыр, мен адамның,
Бораныңды, бұрқыратпай, қоя тұр.
Түсінейін, мен бар сырын, сананың,
Мүмкін болса, сен көмекші, бола тұр.
Жылаймын-ау, жыламаймын десем де,
Қос жанарда, дірілдеген тамшылар.
Алыс жаққа, енді сенен, кетсем де,
Бұл көңілім, сені іздеп, ұмтылар.
Бұл боранда, неге тоңдым, дір еттім?
Жалғыздық па, әлде мені қажытқан?
Бар болғаны, көңіл болды, мынау жетім,
Талай мені, адастырып, жылатқан.
Бұл жазарын, пешенеге, кім білген?
Тұрмайды ғой, бір қалпында дүние.
Қиналыста, бұл өмірде, шын сүйген,
Жұқарады-ау, бұл шайқаста, тек жүйе.
Қойшы, мейлі, ойламасын өзге жан,
Бақыт болар, әлі маған, бұйырған.
Әлі болар, шын асаулар шақырған,
Мен деп, мен деп, жарығымен жағылған.
