Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балалық пәк жүрегім

 

Алматы қаласында тұңғыш Президентіміздің саябағы 40 гектар жерде орналасқан , ішінде музыка ырғағына сән беретін су бұрқағы  керемет!

Білмедім неге?

Сағынамын күнде.

Балалық пәк жүрегім

Өзіңе жету тілегім-осындай өлең жолдары келді, бүгінде жасыл желекке оранған Алматымды сағынып,төсектен ұзақтау жатып,ояндым.


Менің әкем Жақсыбергенов Райымбек Маратұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ,Созақ ауданы, Ф.Энгельс атындағы кеңшарда (қазіргі Қарақұр) ауылында дүниеге келіпті. Ал анам, Мақпал бір жасқа толып жатқанда,менің әкем Райымбек 1984 жылы мектеп табылдырығын аттапты. Ойласам қандай қызық,әрі ғажап.

Мен кім болам? Тәрбием қалай? Достарым,сыныптастарым қандай? Осындай мазасыз ойлардың жетегінде жүріп атам Марат, әкем Райымбектің жолдарын ,істерін жалғастырып дәрігер болу керек пе? Кез-келген кәсіпті игеру,қандай қызмет атқарсаңда еліңе пайда келтіру,өз ісіңе шын жан-тәңімен сүйіп,маздатқанда қандай керемет десеңші? Менің Марат атам 2008жылы Мекке-Мадинадан қажылық парызын өтеп қайтты,бірақ ата-тайым бізді өкіндіріп,2015 жылы 3 тамызда дүниеден өтті. Ата-шым жайлы өмірдерек «Тәуелсіз Қазақстан қажылары» деген атпен шыққан кітаптың алтыншы томының 133-ші бетінде жазылған. Марат атамнан бастау алған дәрігерлер біздің отбасымызда өте көп. Әкемнің  үлкен ағасы Абай көкем медицина ғылымдарының докторы, профессор. Атам бізге үзбей әңгіме атып отыратын,сол әңгімелерінің ішінде ол кісі Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтында оқып жүрген кезіндегі кейбір қиын кездерін айта отырып,сол қиындықтарды жеңу үшін студент бола жүріп ,фельдшер болып жұмыс жасап, ақша табумен бірге,өз кәсібін шыңдағанын құлағыма құя беретін. Балаларым, өмір иман мен күрестен тұрады. Адам бойындағы артықшылық сана,ал санадағы артықшылық иман. Қасиетті Мекке-Мадина қаласының тазалығы,адамдарының киім киісі,әдеп-ғұрып бір ерекше,ашық-шашық, қалай болса,солай киінген адам жоқ,бір керемет тәртіп,-деп таңырқап отырып,құран оқи  жөнелетін. Атам құран оқыған  сайын мен де тыңдап жүріп, құранның біраз сүрелерін жаттап та алдым. Атамның киімі ілініп тұратын шкафтарының есігін ашып, ілініп тұрған костюмнің жеңін маңдайыма тигізіп,тірі болсаң осылай мандайымнан сипап,сүйіп жүрер едің ғой аташым деп жылап аламын.

Мәскеуден шығатын медициналық журналдарға жазылып,әрбір бетін жібермей оқып,кейбір  аса ерекше деректерді төс қалтасында жүретін қойын дәптеріне жазып алып жатып,мына журнал, газеттерді жыртпаңдар,қайта сақтап қойыңдар сендердің іштеріңненде менің жолымды жалғастыратын дәрігер болатын шығар деп, ойын айтатын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халқымызға арналған дәстүрлі Жолдауларында ең алдымен халық денсаулығы басты басымдықтар қатарында көріну керектігін  үлкен пір тұтатын атам,өзіненде дәрігер балалары мен келіндерінен де барынша елге саналы адал қызмет етуді талап етумен қатар,шаршамай өзіде ат салысатын. Әкем Райымбек Маратұлы қазақ халқының денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді жіпке түзгендей етіп,атамның айтқандарын қазір бізге айтып отырады. Өз ұстанымында солай «Он екі мүшең сау болса,қара басың ханмен тең!» 2016 жылдың 20 наурызда өтетін аудандық мәслихат депутатығына кандидат болу үшін жинақталған құжаттарының бірінші бетінде осы дара сөзді айшықтай үлкен әріптермен жазып қойды. Мен оны дереу жаттай қойдым.

Алматыны  сағына беретінімніңде орны бар.Ол әсем қалада нағашы әжем тұрады. Біздің үйдегідей ол кісінің үйінде де кітап,газет журналдар барлығы 700 ге жуық. Әжем үйдегі кез-келген затты алып,пайдаланып, ұнаса әкетулеріңе болады деп рұқсат береді.  Ал, кітаптарым мен газет –журналдарға тисетін болсаңдар ат құйырығын кесісеміз дейді. Себебі,біздің  кітапқа деген сүйіспеншілігімізбен махаббатымызды нағашы әжем осылай ашса  керек.

Мен Алматы қаласындағы № 105 Медеу ауданындағы балалар бақшасына бардым. Үш жылдай сол бақшада тәрбиелендім, сол бақшаға кезінде менің анам Мақпал да барған екен. Менің ол бақшаға баруымның себебі,артымнан көп ұзамай-ақ Інжу сіңлім дүниеге келіпті,Анамның анасы Зәуре Дөненбекқызы  қызына жаны ашыған болу керек,мені дереу Алматы қаласына әкеліп,осы қаладағы айтулы қазақ балабақшасы № 105 –ке апарыпты. Балабақшаға жеткенше нағашы әжем небір ән-жырларды,өлең-тақпақтарды жатқа оқитын. Кез –келген өлеңді оқығанда жазған авторын қоса айтады.

Адам деген,пенде ғой,

Ақымақ болу демде ғой.

Пай-пай,шіркін денсаулық,

Бақыттың бәрі сенде ғой –деп жазған Мұқағали  Мақатаев деп үйретеді әжем және де тәпкіштеп әрбір сөзін түсіндіреді.

Білмеймін неге олай ететінін.Ол өлеңнің керегі маған сол кезде шамалы –ақ. Өйткені,ауылдағы ата-әжем , ата-анамды үзіле сағынамын. Кейде ішіме сыймай жыласам, қанша мейрімді жан бола тұра,әжемнің көзі қаттырақ бақырая қалса, дереу көз жасымды тыя қоямын. Сол кезде нағашы атам дереу мені кеудесіне басып, қара қызым-ау,сен ақылдысың ғой жаз шықса ауылыңа алып барамын дейтін. Мен осылай үш жазды Алматы қаласында өткіздім. №105 балалар бақшасымен қоштасып ауылға бірақ қайттым. Ал енді, керісінше сол әсем қала  Алматыны сағана беремін. Менің нағашы атам Төлеу ,ол кісіде  2009жылы  дүниеден озды.

Бүгінгі мен білім алып жүрген алтын-ұя мектебім Тәкен Әлімқұлов атындағы лицей-интернат. Ұстаздарымда, мектебімде,сыныптастарымда жаныма жақын, бәрін жақсы көремін. Сонда да болса, әсем қала, мен үшін сүйікті Алматыны сағына беремін, сағана беремін.

2017 жылы Республикада Қысқы универсиада Алматы қаласында өтті. Асыл  да қайсар, қамқор нағашы әжем Алматы қаласынан телефон шалды, міндетті түрде Іңкәрді алып кетемін, қысқы универсиаданың ойындарын тамашаласын. Әрине қуандым. Бірақ, сол күндері мен ыстығым көтеріліп ауырып жатқан едім. Менің қызыуымның көтеріліп тұрғанын көрген әкем, Алматы қаласына жібергісі келмеседе, енесінен, яғни нағашы әжемнен баталмады білемін.Дереу жолға дайындалдым.

Алақай, мен Алматыдамын

Мәнерлеп сырғанау сайысына қатысатын дүниежүзілік алтын жұлдыз иегері, чемпион  Денис Тен де қатысатын  телеарналарда жарнама берілді ғой. Мен әрине сол мәнерлеп сырғанау ойынды тамашалау үшін асыл әжеме арманымды айттым. Арманым орындалды. Билет қолда, бірақ мәнерлеп сырғанау қыздардың қатысуымен өтетін сайысты көрдік. Дүниежүзілік спортшыларды көру тек телеарналардан ғана көруге болатын, мен үшін көзбе-көз тамашалау, керемет ғимараттың архитектуралық келбетін көру және ішіндегі үлкен монитор арқылы мұз айдынындағы әр сырғанаған спортшының шеберлігін тамашалау ерекше әсер етеді екен. Негізі Алматы қаласында өткен Қысқы универсиадаға республика көлемінде қысқы каникул беру керек екендігі ойыма бірден келді. Себебі, осы  қысқы универсиаданың өтуіне қатысушы ретінде тек Алматы  қаласының оқушыларына ғана қысқы каникул жарияланды деп естідім. Болашақта Алматы қаласында оқу жылында өтетін халықаралық универсиада, олимпиада болса шалғайдағы ауылдардан, аудандардан жасөспірімдер келер еді, ата-аналарымен, ата-әжелерімен. Экономика саласына да үлес болар еді. Ішкі туризм саласын дамытуға да әсер болары анық.Себебі еліміздің керемет тарихи жерлері көп, әсіресе Алматы қаласында орналасқан Медеу спорт кешені, Шымбұлақ кешені, Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы академиялық театр, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер  театры, «Д.А.Қонаев мұражайы» , Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер мұражайы, МЕГА кешенінің ішіндегі кинотеатрлары да , «Гүлстан» гүлзар бағы 1000 астам өсімдіктері әлемі 0,5 гектарда орналасқан,  «Книжный город» және «Меломан» кітаптар дүкені осының бәрі менім сүйікті Алматы қаламда орналасқан. Әсіресе, балалар әдебиетінің басқа тілдерде шығатын ертегілері, кітаптары, аудио, CD дисктерін көргенде, менде бір арман болды. Ол есейген кезде жазушы болсам, қазақ руханиятына ,әсіресе балаларға арналған әңгімелер мен ертегілерді көптеп жазатын едім . Ол уәдемді орындау үшін жақсы оқу мен қатар, әдепті қыз болып отбасымды , елімді , халқымды қуантсам деген алдыма үлкен мақсат қойдым.

P.S.  "ЮВИЖН" халықаралық сайтының ұжымына шығармашылық тілеймін.  Өз басым егеменді елдің ертеңінен үміт күтетін жас бүлдіршіні болғандықтан, өзім сияқты басқа оқушыларға, ата-аналарға сіздердің сайттарыңызды тұрақты түрде оқып тұрса деген   тілегімді білдіргім келеді.

 

Іңкәр Марат

Тәкен Әлімқұлов атындағы лицей-интернатының

8 сынып оқушысы .

Созақ ауданы

Оңтүстік Қазақстан  облысы

 
0
0
891

Осы тақырып бойынша

Балалық пәк жүрегім - Yvision.kz