Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балалардың құқығын қорғау кеңесінің отырысы өтті

Қатысушылар 111 шұғыл қызметіне жүгіну фактілері, жедел топтар қызметінің нәтижелері және олардың жұмысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша қабылданған шараларды талқылады.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес іске асырып жатқан «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында полицияның тірек пункттерінде жедел әрекет ету топтарын ашу ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысында бұл ұсыныс еліміз бойынша бірінші болып жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 215 жедел әрекет ету тобы жұмыс істейді, олардың қызметі отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін анықтауға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Отырыста Шемонаиха, Зайсан және Алтай аудандарының жедел топтардың қызметі туралы айтылды. Сондай –ақ жедел топтардың қызметі негізінде жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.

0
0
276

Осы тақырып бойынша