Балаларды шаттандырған шара
Бірер күннен соң жаңа оқу жылы басталмақ. Пандемия алқымнан алған уақытта балалардың амандығын ойлау маңызды. Биылғы білім алушылар онлайн оқуға көшпек. Одан бөлек бірнеше айға созылған карантин көпшіліктің қалтасын да қақты. Олай болатын себебі де бар. Жұмыссыз отырып қалды көп кісі. Ал оқу жылы таяған сәтте кез келген ата жанұшыратын әдеті. Баласына оқу-құрал жабдықтарын алуға асығады. Ал көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат – әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын ешкімнен кем етпеу. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы аталмыш акцияны жандандырды. Аудандық мәслихат депутаттары С.Мүсірбаев, А.Нұрбол және Д.Ерназарұлы көпбалалы, аз қамтымған 3 отбасына мектепке қажетті құрал жабдықтарды табыс етті. Балаларды шаттандырған халық қалаулыларына ата-аналар алғысын жеткізді.
