"Балалар үшін қауіпсіздік" рейді
«Nur Otan» партиясы "Сайқын" БПҰ төрайымы Н. Ж. Умарова, учаскелік полиция инспекторы Р.С. Мұхаметяров, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жол шебері Ж.Казмадияров, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Е.Елемесов "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы аясында ашық люктердің болуына, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігін бақылау мақсатында рейд жүргізді.
