Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балаларға арналған ойын алаңына жөндеу жұмысы жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында өткен облыстық маслихаттың депутаты Д.О. Сомовтың қоғамдық қабылдау кезінде Аутистік спектрдің балаларына арналған «Ғажайыптар елі» мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігіне ойын алаңын қайта жөндеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті.

Ұйым тарапынан түскен өтінішпен жан –жақты танысқан облыстық маслихаттың депутаты Дмитрий Олегович қол ұшын сөзып көмек көрсететіндігін жеткізген болатын.

Ойын алаңы-бұл балалар үшін қуаныш қана емес, сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Арнайы жабдықталған аумақта балалардың игілігіне арналған қажетті дүниелердің барлығыда бар. Біз әрқашанда балаларды қолдауға дайынбыз,-дейді Шығыс Қазақстан облыстық маслихаттың депутаты Дмитрий Олегович.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңына тиісті деңгейде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген.

Аутистік спектрдің балалары үшін «Ғажайыптар әлемі» мектепке дейінгі ұйымына жөндеу жұмыстарын жүргізген барлық жұмыскерлерге алғыс айтқым келеді және барлығына зор денсаулық, жақсылық тілеймін,- дейді мекеме басшысы Л.Ю.Мамбурова.

0
0
338

Осы тақырып бойынша

Балаларға арналған ойын алаңына жөндеу жұмысы жүргізілді. - Yvision.kz