Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бала емізуден аналар неге бас тартып жатыр?

Дегенмен елімізде ана сүтін ішпейтін нәрестелердің нақты саны белгісіз.

Мұндай санақ жүргізілмеген. Нәрестелердің 60 % 1 жасқа дейін, ал 2 жасқа дейін 80 % анасының омырауынан аққан сүттен қағылады.

Мамандар сәби үшін қауіпсіз және ең құнарлы тағам екеніне қарамастан әйелдердің дүние есігін ашқан перзентін емізуге құлықсыз ететін факторларды жіпке тізіп шықты.

Сонымен сән қуған келіншектер әлгі тізімнің басында көш бастап тұр. Бала емізгеннен кейін сүт безінің пішіні бұзылады деген сөзге иланып, сәбиін ертерек табиғи тағамнан айырады.

Тағы бір проблема әйелдердің басым бөлігі емізудің ережесін білмейді .

Қазіргі уақытта кейбір аналар еңбегі қатпаған , еңбектемеген баласын тастап, жұмысқа шығады. Алпыс екі тамырын идіріп, омырауынан аққан сүтті ерте тоқтату салдарынан әйел денсаулығының зиян шегеді дейді жоғары санатты онколог -маммолог , хирург Мұрат Сақтағанов.

Маммологтың айтуынша пластикалық операциямен омырауын үлкейткен әйелдерге де баланы емізуге болады. Оның ана сүтіне ешқандай зияныжоқ екен.

Осы аптада елімізде «Дүниежүзілік бала емізу апталығы» өтті. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен әлемнің 170 елінде ана сүтінің пайдасы дәріптелді.

Алматыда 7 перзентханада және емханаларда дәрігерлер жас аналарға емізудің ережелерін үйретті , үгіттеді.

Алайда аналар неліктен бала емізуге құлықсыз? Алматылық жас босанған келіншектер не дейді?

Алматы тұрғыны Динара :

- Қызым қырқынан шыққаннан кейін емізбедім. Жасанды тағам мен ана сүтінің айырмашылығы жоқ деп есептеймін. Маған құрбыларым да, бірнеше бала тапқан әйелдер солай айтты. Қызым жасанды тағаммен өсті. Қазір 8 жаста. Тым семіз. Жасанды тамақтың әсері ме, білмеймін. Бірақ педиатр оның қомағайлығын жасанды тамақпен байланыстырады. Алайда семіздіктің себебін қазбалап зерттеген жоқпыз. Сәбиімді арықтату үшін спортқа бердім. Жаттығуға бір ай бармаса салмақ қосады.

Алматы тұрғыны Шолпан:

- Күйеуім менен 10 жас кіші. Енем өте әдемі әйел. Жалғыз келінімін. Тұңғышымды босанғаннан кейін бала емізіп, еріңнен айырылып қалма деп ескертті. Тіпті құрбыларым да емізудің маған тигізетін зияны жайлы көп айтты. 4 айға толмай ұлымды жасанды тамаққа үйреттім. Қазір ұлымның денсаулығы жақсы. Тек кейбір тағам, көкініс жақпайды. Денесіне қызыл шиедей дақтар қаптап кетеді. Дәрігерлер тіпті дәрі-дәрмекті де алдын-ала сынақ жасап пайдаланбаса , оның өміріне қауіпті екенін ескертеді. Әзірге мұның себебін білмейміз. Кейде ұлымды омырау сүтінен ерте айырғаныма өкінемін. Екінші перзентімді екі жасқа дейін еміздім. Мұндай проблема жоқ.

Элнар Құрманғалиева медицина ғылымдарының докторы:

-Елімізде барлық емханада аналар мектебі бар. Тегін қызмет көрсетеді және емізуге қажетті барлық ақпаратты алуға болады. Мұндай дәрістерге жүктілік кезінде және жұбайымен келген өте тиімді. Сүттің пайдасы жайында мол мағлұматтар алады. Медицина қызметкерлері, психологтар ананы алаңдатқан барлық сұраққа жауап береді.

Ана сүті өте құнарлы , баланың сау бойының өсуі , миының ,ой-өрісінің дамуына қажетті барлық пайдалы заттар, нәруыздар, көмірсулар, су, дәрумендер және минералдар бар. Нәрестенің иммунитетін нығайтады және семіздіктен қорғайтын дәрумендер бар және баланың аллергияға қарсы қорғанышын күшейтеді.

Жазира Бегалы журналист .

Алматы .

0
0
583

Осы тақырып бойынша

Бала емізуден аналар неге бас тартып жатыр? - Yvision.kz