«Бал Текстиль» кілем тоқитын фабрикасында үгіт-насихат жұмысы жүргізілді
Қазіргі таңда кілемдер өндірудегі өнімнің мөлшері жылына 5 млн ш. м-ден асатын кәсіпорында 200 астам адам жұмыс жасайды.
Н.Балабиев осы кәсіпорынның ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен және бағдарламадағы Шымкент қаласының дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын (тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру) таныстырып, алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өтті.
