Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бабын жоғалтпаған ардагер қақпашылар

Д. Буффон мен И. Касильяс

«Жақсы қақпашы жарты команда» дегенге осы қақпашылардың бағана күзеткенін көріп  иланбасқа амалың жоқ. Біз сөз ететін Икер Касильяс пен Джанлуиджи Буффон биылғы футбол маусымында жанкүйерлерді таңқалдырудан жалығар емес. Испандықтың жасы 35-те, ал итальяндықтың жасы 39-ға толғанын ескерсек, төмендегі ұсынылатын деректер кез келген жанкүйерді бей жай қалдырмасы анық.

Икер Касильяс - 2016-17 жылғы Португалия біріншілігінде бүгінге дейін 21 ойында Порту қақпасын қорғап, 11ойында қақпасына доп жібермеген. Сол 11 ойында Порту 4 рет тең ойнаса, қалған 7-еуінде жеңіске жеткен. Бұл қатарға Кубок жолындағы «Шавешпен» болған тең ойынды қоссақ, Икер қақпасы алынбаған қамалға айналған 12-ойын болмақ. Демек, Портудың қазір көшбасшы Бенфикадан бір ұпайға қалып, екінші орында келе жатуы Касильястың арқасы деуімізге толық негіз бар.

Ал, Чемпиондар лигасында барлық 6 ойында негізгі құрамда шыққан испандық қақпашы 3ойында  (2 жеңіс+1 тең ойын) қақпасынан доп алып шықпаған.

Аты аңызға айналған қақпашы Икер Касильяс

Джанлуиджи Буффон – қамал алатын қырыққа жақындағанынына қарамастан бұл маусымда А сериясында өткізген 25 ойынның 11-інде қақпасына гол жібермеген. Айта кетейік, осы 11 ойында да командасы жеңіске жеткен. Біз мақтаған Буффон сол ойындардың -ін сырт алаңда, 6-ын өз алаңында өткізген. Яғни, өз алаңына қарағанда сырт алаңда қақпасын сенімді қорғайды деген сөз.

Енді Чемпиондар лигасындағы Буффонның көрсеткітеріне назар аударайық. Топтық кезеңде жалпы 5 ойында алаңға шықса, 3 ойында (2 жеңіс+1 тең ойын) ешбір қарсылас команда Буффон қақпасынан саңылау таба алмаған.

P.S Бұл екі қақпашы өнер көрсететін командалар 22 ақпанда Чемпиондар лигасының ширек финалының аясында бір-біріне қарсы ойнайтын болады. Кімнің өз қақпасын сенімді қорғайтынын осы ойында көретін боламыз.

 
0
0
554

Осы тақырып бойынша

Бабын жоғалтпаған ардагер қақпашылар - Yvision.kz