«Бақытты отбасы» жобасының айлық есебі
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы қазан айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 4 іс-шара өтіп, 78 адамның қатысуымен ардагерлерге және 3 отбасыға көмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен қайырымдылық марафоны аясында ардагерлерге, сонымен қатар көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық түлік себеті таратылды. Алдағы уақытта да осындай қайырымды істер марафоны өз жалғасын табады. «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға жедел көмек көрсету үшін» құрылған топ құрамын жұмыс барысымен таныстыру семинары өтті.
#Бақыттыотбасы
#бақыттыотбасықарасайауданы
#qazaqstan30
#қайырымдылықмарафоны
