«Бақытты отбасы» жобасының айлық есебі
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы қыркүйек айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 3 іс-шара өтіп, 50 адамның қатысуымен 15 отбасығакөмек көрсетілді.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы қыркүйек айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 3 іс-шара өтіп, 50 адамның қатысуымен 15 отбасығакөмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Қаскелең қаласында көп балалы және жалғызбасты аналарға қолдау көрсететін «AZAMATSHА KZ» қайырымдылық қоры ашылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, жоба аясында Райымбек БПұйымында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Аталмыш акция кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылды. Акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді. Сонымен қатар жоба аясында (санитарлық нормаларын сақтай отырып), Шамалған ауылында орналасқан Үшқоңыр су шаруашылық колледжі, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, сонымен қатар Қаскелең қаласында орналасқан «Брусничка» балабақшасы, «Сандуғаш» бөбекжай – балабақшасына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жұмысына «Nur Otan» партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары: Е.Константинова, М.Бигельдиева, Н.Жайлаубекова, А.Балажанова, аудандық партия филиалының консультанты Б.Чегебаева мониторингтік жұмыстарын жүргізіп қайтты.
#Бақыттыотбасы
#бақыттыотбасықарасайауданы
#qazaqstan30
#мектепкежол
