«Бақытты отбасы » жобасы аясында маусым айында 3 шара 35 адамның қатысуымен өткізді.
Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ұйғыр аудандық филиалы маусым айында «Бақытты отбасы » жобасы аясында 3 шара 35 адамның қатысуымен өткізді. 3 отбасыға (оның ішінде:көпбалалы, аз қамтылған) азық-түлік себеттері таратылып,көмек көрсетілді.
Барлығы әлуметтік желі беттеріне жарияланды.
Жоба аясында аудандық мәслихат депутаты Нұров Мәулен Мұқажанұлы аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды тегін демалдыруға ықпал етіп, демеушілік көмек көрсетті. 20 бала «Бастау» демалыс орнында (ыстық суға) демалды.
Сонымен қатар Бахар ауылдық округінде 23 маусым күні аз қамтылған,көпбалалы отбасыларға тегін азық-түлік себеттері таратылып, көмек көрсетілді.
«Nur Otan» партиясының отбасы, әйел және бала құқығын қорғау қоғамдық кеңесімен бірге аудандық «Jas Otan» ЖҚ «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы аясында ашық люктарды, аулаларды жарықтандыру мәселесі мен қауыпсіз жолға рейд жүргізді. Рейд барысында ашық люктардың бар екендігі анықталып, мәселе қарастырылды. Қазіргі таңда аудан көлемінде барлық люктар жабылып, аулаларды жарықтандыру мәселесі оңтайлы шешілді.
