Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы

Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы шілде айында «Бақытты отбасы» жобасы аясында 3 іс-шара 275 адамның қатысуымен 305 адамға көмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобаласы аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаттары Бекет Абишев, Жалғасхан Донбаев қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғыны баласын Алматы қаласында орналасқан ауруханаға қарату үшін қаражаты болмай жүргенін айтып, көмек сұрап келді. Азаматшаға «Ана мен бала» қоғамдық қорымен байланысып, баласын емдеу үшін қажетті көмек көрсетілді. Сондай-ақ Әйтей ауылының тұрғыны пәтер жалдап тұратынын айтып, әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Көтерілген мәселелер оңтайлы шешімін тапты.

Әйтей ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана әкімдік тарапынан бөлінген жер теліміне құрылыс жүргізу үшін көмек сұрап келді. Қабылдауға келген екінші азаматша, Ұмтыл ауылдық округінен келген көпбалалы ана, пәтерінің айлық ақысын төлей алмай отырғанын айтып келді. Сондай-ақ Қаскелең қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол спортынан жаттықтырушысы, балаларға спорттық арнайы киім мен футбол доптарымен көмек көрсетуді сұрады. Қабылдауға барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, "HALYK" қайырымдылық қорының "Ел тірегі - Елбасы" атты акциясы барысында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, “Бақытты Отбасы” жобасы аясында, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ жалғызбасты аналар мен әке қамқорлығындағы отбасыларға қол ұшын созу, көмек көрсету мақсатында 290 отбасыға азық-түлік қораптары табысталды.

#Бақыттыотбасы

#бақыттыотбасықарасайауданы

#qazaqstan30

0
0
226

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы - Yvision.kz