Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы »жобасы аясында 5 іс-шара 50 адамның қатысуымен 7 адамға көмек көрсетілді.

"Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ұйғыр аудандық филиалы ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Бақытты отбасы »жобасы аясында 5 іс-шара 50 адамның қатысуымен 7 адамға көмек көрсетілді.

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында барлық шара БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды. Атап айтқанда Кетпен ауылдық округінің көпбалалы аналарына ауыл жастары мен партия белсенділері тарапынан 160 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Шонжы ауылының тұрғыны өзінің әлеуметтік , отбасылық жағдайының тапшылығына байланысты көмек көрсету қажеттігін айтып, өтініш білдірді. Өтінішке сәйкес аудандық мәслихат депутаты Н.Есенбайұлының демеушілігімен ұлына мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар алып берілді.

Кетпен ауылдық округінің жастары , партия белсенділері және шаруа қожалық төрағалары тарапынан ауылдық округтегі аз қамтылған бірнеше отбасыға көмек көрсетілді.

0
0
261

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы »жобасы аясында 5 іс-шара 50 адамның қатысуымен 7 адамға көмек көрсетілді. - Yvision.kz