"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясындағы жұмыс
ҚР Тұңғыш Президенті, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Nur Otan партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана бағытталмай, барша қазақстандықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасалатын тиімді және әділетті әлеуметтік саясаттың іске асырылуын көздейді. Осыған орай,ауданда әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалардың тізімі жасалды, осы тізім бойынша көмек көрсетіліп, қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Ауданымыз бойынша барлық БПҰ -ның қатысуымен 34 шара өткізіліп, 260 бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтылды.
