Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен іс шаралар

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы бойынша маусым айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 150 адамның қатысуымен 6 іс шара өтті. Оның ішінде 4 отбасыға көмек көрсетілді. Іс шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде жарияланды. Мысалы 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева ауданымызға арнайы келіп, Қаскелеңде орналасқан ерекше қабілетті балалар тәрбиеленетін білім нысандарын аралады. Гүлнәр Қожағұлқызы алдымен «Rakhym» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығының жұмыс барысымен танысып, ұжымның арнайы ұйымдастарған 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Сонымен қатар, Гүлнәр Тойлыбаеваның іс сапары «Rahym» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығынан кейін Қаскелеңдегі облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында жалғасты. Мемлекеттік мекеменің білім жүйесіндегі негізгі қызметтерін оның басшысы Анар Рахышова түсіндіріп, әлеуметтік нысанның қазіргі жағдайымен таныстырды. Өз кезегінде партия өкілі Гүлнәр Қожағұлқызы білім ордасының жай-жапсарына қатысты кейбір мәселелерге тоқталып, партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылатын бірқатар істерді сөз етті. Сонымен қатар, осындай ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін орталықтармен семинарлар жұмысын қолға алу жағын да айтты.

0
0
222

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен іс шаралар - Yvision.kz