«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналардың қәзіргі таңдағы жағдайлары талқыланды
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының мәжіліз залында МЕҰ және партия белсенділерімен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналардың қәзіргі таңдағы жағдайлары талқыланды. Жиынға «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Асауов, Іскер әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Н. Байтанаева, Аудандық әжелер кеңесі төрайымының орындасары Карима Сламбековна қатысты.
