Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бақытты отбасы партиялық жобасы аясында

"Бақытты отбасы партиялық жобасы аясында "Бастауыш партия ұйымының төрағасы Абаев Е.Е қатысуымен жедел әрекет ету тобының М.Дулатұлы атындағы ЖОББ мектебінің ұжымымен кезекті кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қоғамның өзекті мәселесі кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, әр ұстаздың жауапкершілігі туралы қатаң түрде ескертілді.

Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ, өмірлік құндылықтарды өзектендіруге негізделген- отбасылық тәрбие мен білім, махаббат, қамқорлық, мейірімділік, кәмелеттік жасқа толмағандардың ішкі әлемін түсіну, қамқорлықты ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды.

Жас ұрпақтың санасын нығайтуға, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағыттап, олардың қоғамдық сана-сезімін "Күшті және жауапты адамдардың ортасына айналдырып;

Болашаққа жол сілтеп;

Ел ертеңі екендерін"

ұғындыру үшін білім беру ұйымдарының, педагогикалық және ата-ана қауымдастығының қызметін күшейту туралы мәселелі әңгіме жүргізілді.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

"Бақытты отбасы партиялық жобасы аясында - Yvision.kz