"Бақытты отбасы" партиялық жобаның іске асуы
Балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау, соның ішінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорысыз қалған балар мемлекетіміздің басты саяси негіздерінің бірі. Жетім балалар халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеңілдікпен кезекке қойылады. Жетім балаларға үй беру мәселесі біздің ауданда бірінші кезекте тұр және мүдделі органдардың тұрақты бақылауында. Бүгінгі таңда Ақкөл ауданында 91 бала (№ 1 Ақкөл балалар үйі), 85 бала (Урюпинский арнайы кешенді бақшасы), отбасыларда тұрып жатқан ата-ананың қамқорынсыз қалған 38 жетім бала, 9-ы патронаттық тәрбиеде. Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегінде 353 жетім балалар тұр. 2021 жылы Иманова көшесі бойымен 45 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталады және осы санатқа қатысты 9 адам кезек бойынша осы үйден пәтер алады.
Жетім балаларды жұмыспен қамту мәселесінің маңыздылығы кем емес. Әрине, бұл мәселе өте маңызды және біз оның шешіміне көмектесеміз. Ауданда білім беру ұйымының түлектері болып саналатын кәмелет жасқа толғанға дейін ата- анасыз қалған немесе жоғалтқан жастар арасынан азаматтарды жұмыспен қамту үшін квоталар бар. Жұмыс квотасы жұмыскерлер саны 47 адам - 2,3% «Камила» ЖШС –не, жұмыскерлер саны 21 адам - 4,8% «Калашникова» ЖК –ге белгіленді. Жұмыспен қамту орталығына жұмыс беру үшін өтініш білдіргендерге тиісті бос орындар болмаған жағдайда, мынандай белсенді шаралар ұсынылады: қысқа мерзімді курстарды оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары. Жақында Ақкөл ауданының Жумыспен қамту орталығына жұмысқа тұру мәселесі бойынша №10 Ақкөл агротехникалық колледжінің түлегі Карина өтініш білдірді, ол жастар практикасы бойынша Ақкөл ауданының Жастар ресурстық орталығына маман лауазымына жұмысқа алынды. Әрине, нәтижесінде барлығы өтініш берген баланың жұмыс табам деген мақсатына, өзін бір шешімге келуіне байланысты.

