ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Бақытты отбасы» орталығында қабылдау жүргізді

Тараз қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов көпбалалы аналарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келгендердің дені әлеуметтік көмек алу, бизнесті қолдау мәселелерін көтерді. Өз кезегінде Дауыл Ынтықбайұлы кездесуде көтерілген мәселелердің тиісті заңнама шеңберінде шешілетінін айтып, партия құзіреті шеңберінде олардың нәтижесі басты назарда болатынын жеткізді.

Сондай-ақ Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары орталықтың жұмысымен танысып, ондағы қызмет көрсетушілермен өзара пікір алмасты.

Өткен жылдың басында облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ашылған орталықта күні бүгінге дейін 4 бағыт бойынша 15 мыңнан астам отбасыға қызмет көрсетілген. Мәселелердің дені орталықта қабылдау жүргізілген түрлі деңгейдегі бірінші басшылардың назарына ұсынылған.