"Бақытты отбасы"
Шортанды ауданында "Бақытты отбасы"партиялық жобасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін мектептерге жылы әжетханалардың болуына қоғамдық партиялық мониторинг жүргізілді. Мониторинг тобының мүшелері облыстық мәслихат депутаты Жукова И.Н., аудандық мәслихат депутаты Қабылхан І.К.,және Шортанды аудандық «Nur Otan»партиясы аумақтық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қожамсейітов А.Ш.,
№ 3 жалпы білім беретін мектепке барды. Мектепте барлығы 451 оқушы оқиды ,оның 162-сі онлайн режимде оқиды.
Оқыту карантин кезеңінде белгіленген санитарлық нормалармен жүргізіледі.Мектепте санитайзерлер, қажетті гигиена құралдары бар. Мектеп 3 қабатты ,әр қабат блоктарға бөлінеді, әр блокта әжетханалар, жылы су бар, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орналасқан.
