«Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асырудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасының 2.1 тармағын жүзеге асыру үшін өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға жедел көмек көрсету үшін аудан бойынша арнайы топ құрылған. Жұмыс тобы құрылғандығы туралы аудан орталығында және ауылдық округтерде байланыс телефондары көрсетілген хабарландырулар ілінді,
«Бақытты отбасы» партиялық жобасына сәйкес аудан көлемінде ай сайын жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Бақытты отбасы»партиялық жобасы аясында карантин кезінде тұрмысы төмен, аз қамтылған, көп балалы 7121 отбасыға 45 723 895 теңге көлемінде азық-түлік, медициналық бетперде түрінде көмек берілді. «Бақытты отбасы»партиялық жобасы мен «Birgemiz» акциясы аясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері барлығы 3199 отбасыға 50 мың теңге көлемінде 1 реттік қайырымдылық көмек көрсетілді.