Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы»

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жетім балаларға мемлекеттік міндеттемелерді жүзеге асыру жөнінде, баспанамен қамтылу, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша "Nur Otan" партиясы Ерейментау аудандық филиалы партиялық мониторинг жүргізді. Ерейментау ауданы бойынша 180 азамат баспана кезегінде тұр. Оның 16 адамы 2018 жылы тұрғын үймен қамтамасыздандырылды. Қазіргі күні ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ерейментау қаласында 45 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.2021 жылы тұрғын үй кзегінде тұрған 23 азамат баспаналы болады. Патронаттағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бітірушілердің жұмысқа орналасуы бойынша 2 адам жұмысқа орналасқан.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» - Yvision.kz