«Бақытты отбасы»
«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы таныстырылғаны баршамызға мәлім.
Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы, жетім балаларға және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген азаматтардың бақытын еселеп үлгерді.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының Астрахан аудандық филиалының қоғамдық мониторингі аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тұрғын үй кезегіне 204 жетім балалар тіркелген. Былтырғы жылы 1 балаға үй берілген болатын. Оған дейінгі кезеңдерде де 36 пәтерлі үй салынып, біршама балалар үймен қамтамасыз етілді. Келер жылы үш үйдің құрылысы басталмақшы. Сол себептен кезек өз жалғасын тауып, балаларымыздың үймен қамтамасыз етілетініне сеніміміз мол деп білеміз.
