«БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ» тақырыбындағы семинар-кеңес
2017 жылдың 10 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспары аясында «Бақылау-қадағалау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» атты семинар-кеңес өтті.
Шараға Департаментібасшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес меңгерушісі А.С. Жұбаныш, мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелердің өкілдері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіңе сәйкес, кәсіпкерлерді қадағалайтын 61 мекеме бар, оның 45 республикалық деңгейде, ал 16 аумақтық деңгейде. Кәсіпкерлер үшін жалпы саны 28 мыңнан астам талап бар екен, оның 11 мыңы СанПиН бойынша.
Қазақстан Республикасының ұлтық экономика министрлігімен бақылау-қадағалау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтеріне ревизия жасалды. Нәтижесінде кәсіпкерлер субьектісі үшін 17 мыңнан астам талаптарды қысқарту жоспарлануда.
Сонымен қатар, БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысының орынбасары, БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшыларының ақпараттары тыңдалды.
Оларға қызметкерлердің субъектілерді тексеру немесе рұқсат құжаттарын беру кезінде кездесу мүмкін тікелей қатынас түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныстар берілді.
Семинар-кеңес соңында қатысушылардың тақырып бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
