Бағалайық, қолда барда, сезімді...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Петлюра - Платье Белое
Бейнематериал авторы – Изюминка Ната
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Бақытты іздеп, біз кейде адасамыз,
Жамандарды, жақсы деп шатасамыз.
Пәк сезімді жалғаннан, ажырата алмай,
Сары мұңның, өкінішін татамыз.
Саған мүмкін, біреу ғашық болады,
Тағдыр болса, жалтыратып алдайды.
Сүймесеңде, сүйемін деп өзгені,
Толғаныста, сендіресің өзіңді.
Амал қанша, осылай жылдар өтер,
Шын сүйгеннің уақыты, өтер бекер.
Сезім шаршап бір күні, қояр сұрақ,
Тек жамалған өзіне, іздеп құрақ.
Болады ғой, махаббаттың басқа үні,
Сыйластықта, болар оның тұрағы.
Қинамашы, сұрақ қойып көңіліңді,
Бағалайық, қолда барда, сезімді.
