Бәйтеректе ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференция жұмысына партияның Бәйтерек аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Конференция отырысында филиал төрағасы Тоқжанов Марат Лұқпанұлы төрағалық етті. Конференцияда келесі күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды:
1.Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері турлы ;
2.Партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін жәнк Саяси Кеңес Бюросының мүшелерін сайлау туралы;
3.Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Ахметжанова баяндама жасады .Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 6 делегат сайланды.
