Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бәсекеге қабылетті жастар" атты тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Бәсекеге қабілетті қоғам құру – мемлекет дамуының кепілі. Ал, қоғамның басты құндылығы – адам. Бұл ретте адам капиталының сапасын жақсарту мен білім жүйесін дамытудың маңызы зор. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады», – дейді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.

Осыған орай, бүгін Coworking орталығында «Nur Otan» партиясының «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында "Бәсекеге қабылетті жастар" атты тақырыбында жастармен кездесу өтті.

TEDx форматында өткен басқосуда қоғам белсендісі Қалиев Ерлан жастарға бәсекеге қабілетті жас болу үшін білім алудың маңыздылығын, сонымен қатар ораторлық қабілеттерді дамытуды, қоғамдық ортада сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жөнінде айтып өтті.

Жиында бас қосқан жастар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерді талқылады.

0
0
128

Осы тақырып бойынша

"Бәсекеге қабылетті жастар" атты тақырыбында жастармен кездесу өтті. - Yvision.kz